Үкімет

Б.Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ұлттық басқарма холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан21 Қыркүйек , 19:32

Кеңес қатысушылары «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бәсекелі ортаға жіберуге тиісті еншілес ұйымдарының тізімінен шығу мәселесін талқылады. Сондай-ақ, сын-тегеуріндер бойынша есеп пен «Бәйтерек» холдингінің 2017 жылдың ІІ тоқсанындағы Ішкі аудит қызметінің есебі қаралды.

Атап өтер болсақ, «Бәйтерек» ҰБХ ҚР Президентінің Жарлығымен 2013 жылы даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған. Холдинг 2014 жылдың соңында 11  еншілес ұйымды біріктірді.  




Яндекс.Метрика