EXPO-2017

Елорданың энергетиктері ЭКСПО-2017 өткізу қорытындысын жариялады

ЭКСПО-2017 көрмесін энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі туралы Астана қаласы Энергетика басқармасының бастығы Бақтыбек Жапаев елорда әкімдігіндегі брифингте хабарлады.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 16:58

«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу орай қажетті объектілерді жылу және электрмен қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының энергетика басқармасымен келесі іс-шаралар жасалды. ТЭЦ-2-де 2016 жылы №7 (180 Гкал/сағ) котлоагрегат, №5,6 (220 Гкал/сағ) су жылыту қазандықтары іске қосылды. Олардың жалпы қосылған жылу энергиясының қуаты 400 Гкал құрайды. Бұл ЭКСПО көрмесінің объектілерін жылумен қамтамасыз етуге әсерін тигізді. ЭКСПО объектілерін жылумен жабдықтау «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған 4 енгізілім (1,2 кезек) арқылы іске асырылды. Жалпы ұзындығы 15, 16, 17 НС-пен бірге 25 км құрайды. Жылу магистралі 2016-2017 жылдардың жылу маусымында іске қосылды», - деді Б.Жапаев.

Елорданың энергетика басқармасының өкілі хабарлағандай, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ атына қажетті қуаттылығы 75 МВт (60 МВт «Олимп» ҚС-тан, «Аэропорт» ҚС-тан, 15 МВт «Жана-жол» ҚС-тан) құрайтын техникалық шарттар берілді. «Олимп» 110/20 кВ  қосалқы станциясы (ЭКСПО объектілері). Құрылыс аяқталды, қосалқы станция 2015 жылы іске қосылды. «Аэропорт-2» 110/20 кВ  қосалқы станциясы (ЭКСПО объектілері). Құрылыс аяқталды, қосалқы станция 2015 жылы іске қосылды. «Жаңажол» 110/10 кВ  қосалқы станциясы (ЭКСПО объектілері). Қосалқы станцияның қайта құрылысы аяқталды, толығымен а.ж.-дың 5 маусымында іске қосылды. «Бәйтерек» 110/20 кВ қосалқы станциясы (Жаңа теміржол вокзалы, Интернациональный кенті, 4 енгізілім жылу магистралінің 15,16 НС). Қосалқы станция а.ж.-дың 17 сәуірінде іске қосылды. Объектіні тапсыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жалпы, жобалардың уақтылы іске асырылуын және Республикалық, жергілікті бюджеттен қажетті қаражаттың бөлінуін ескере отырып, ЭКСПО объектілері қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Бұл іс-шараны толығымен жылу және электрмен жабдықтау арқылы өткізуге мүмкін етті», - деп түйіндеді Б.Жапаев.

Қайрат Жандыбаев 





Яндекс.Метрика