EXPO-2017

Астананың коммуналдық шаруашылық басқармасы ЭКСПО-2017 өткізу қорытындысы туралы хабарлады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің инженерлік инфрақұрылымдық объектілерін қамтамасыз ету бойынша объектілерді уақытылы пайдалануға енгізу жөнінде жұмыстардың нәтижелері туралы Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Игорь Алексеев елорда әкімдігіндегі брифингте хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Қыркүйек , 16:47

И.Алексеев хабарлағандай, коммуналдық шаруашылық басқармасымен жобалар жүзеге асырылды, оның шеңберінде 4-ші енгізудегі жылу магистралінің бөгеттері салынды.

«Ұзындығы 1 200 м және диаметрі 800 мм Ш. Қалдаяқов көшесі бойынша Мирзоян көшесінен Балқантау көшесіне дейінгі учаскесіндегі жылу магистралі, ұзындығы 1000 м Ø820 мм А40 көшесі бойынша А52 көшесінен Баянтау көшесіне дейінгі учаскесіндегі жылу магистралі», - деді И.Алексеев.

Ал, сумен жабдықтаубойынша коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі атап өткендей, ең жоғарғы жүктеме кезінде сенімді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін І.Жансүгіров көшесі бойынша ССС-нан (сорғыш-сүзгіш станциясы) Ғ.Мұстафин көшесіне дейін ұзындығы 2,5 км Ø1200 мм су таратқышы салынды.

«ЭКСПО ауданын сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 4,2 км  Ø500 мм Орынбор көшесі бойынша сумен жабдықтау желісі салынды. Ұзындығы 1 100 метр Астана қаласында Есіл өзені арқылы Сығанақ көшесі бойынша Ø500 мм су құбырынан Еңбекшілер көшесінен №43 көшесіне дейін айналмалы су құбыры салынды», - деді ол.

Сонымен қатар, ол суды бұру бойынша №31, №27 және Сығанақ көшелерінің қиылысы ауданында Тұран даңғылы бойынша орналасқан тазарту құрылғыларының жұмыс істеуі қамтамасыз етілгенін хабарлады.

«Тұран даңғылының іргелес аудандарын су басуына жол бермеген ұзындығы 16,9 км және Ø1600 мм Кіші Талдыкөл көлінен Есіл өзеніне дейін су лақтыру коллекторы салынды. ЭКСПО ауданында судың бұруын қамтамасыз ететін ұзындығы 680 м және Ø500 мм Сауран көшесі бойынша Рысқұлов көшесінен №31 көшесіне дейін нөсерлі кәріз коллекторы салынды», - деп түйіндеді И.Алексеев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика