Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астанада 11 көше салынды

Елорда әкімдігінде өткен брифингте Астана қаласының аумағында автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында атқарылған жұмыстар туралы қалалық автомобильжолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин айтып берді.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 16:42

«Ағымдағы жылы ұзындығы 23,4 шақырым болатын, құрамына 87,5 шақырым инженерлік желілер кіретін 11 көше салынды. Мәңгілік Ел даңғылы және №31 көшелері қиылысындағы аумақта                1500 көлік коюға арналған 35 000 ш.м ауданда автотұрақ орналастыру бойынша жұмыстар аяқталды. 35 000 ш.м ауданда автотұрақ орналастыру бойынша жұмыстар аяқталды. Ұзындығы 64,2 шақырым болатын 104 көшеде, соның ішінде орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары шеңберінде ұзындығы 33,2 ш.м болатын 36 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ұзындығы 10,1 ш.м болатын 14 көше, «Скриптон» технологиясын қолдану арқылы ұзындығы 20,9 ш.м болатын 54 көше жөнделді», - деді А.Қарағойшин.

Сонымен қатар, Кіші айналма жолды салу шеңберінде 2008 жылдан бастап 35 шақырым жолдан 28 шақырым жол салынды, ағымдағы жылдың  қазан айының соңына дейін Тұран даңғылынан бастап Ш. Бейсекова көшесіне дейінгі учаскедегі Сарайшық көшесі бойынща өтпе жол ашылатын болады, бұл Сарайшық көшесінен бастап Кенесары көшесіне дейінгі Тұран даңғылының учаскесіндегі қозғалысты айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, ағымдағы жылы Абылай хан даңғылы және Р. Қошқарбаев көшесі қиылысындағы көлік жол айырғысының құрылысы аяқталатын болады. Сонымен, құрылыс бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ бүгінгі күні Қ.Аманжолов көшесінен бастап «Нұрлы жол» (А62 көшесі) теміржол вокзалына дейінгі А. Байтұрсынов көшесі бойынша, Қ. Аманжолов көшесінен бастап жаңа «Нұрлы жол» (А62 көшесі) теміржол вокзалына дейінгі Ж. Нажімеденов көшесі, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аумағындағы А62 көшесі бойынша, Қабанбай батыр даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылына дейінгі учаскедегі № 24 көшесі бойынша, Орынбор көшесінен бастап Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскедегі Түркістан және Ақмешіт көшелері бойынша, Керей Жәнібек хандары көшесінен бастап № 24 көшесіне дейінгі және №26 көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Ақмешіт көшесі бойынша, Қабанбай батыр даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылына дейінгі № 26 көшесі бойынша, Қабанбай батыр даңғылынан бастап «Нұра- Есіл» арнасына дейінгі учаскедегі №31 көшесі бойынша өтпе жолдары ашылды және өтпе жол № 31 көшесінен бастап Өрт сөндіру депосына дейінгі № 357, 496, 498 көшелері бойынша ашылды», - деп түсіндірді А.Қарағойшин.

Бұдан басқа, ол қаланың әлеуметтік объектілерін инженерлік желілер және кірме жолдармен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше көшелер құрылысы бойынша жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

«С. Сейфуллин және Н. Тілендиев көшесі аумағында Алматылық-2 көшесінің, Ш. Бейсекова көшесінен бастап Абайдың 150 жылдығы көшесіне дейінгі С. Сейфуллин көшесінің құрылысы жалғасуда. Р. Қошқарбайев көшесі аумағында М. Жұмабаев, Баянтау көшелерінің құрылысы жалғасуда. Сығанақ көшесінің оңтүстігіне қарай аумақта мектептерге, бала-бақшалар және тұрғын үйлерге жол бойы инженерлік желілерін қамтамасыз ету үшін орамішілік көшелердің құрылысы жүргізілуде», - деді спикер.

Оның айтуныша, 2008 жылы қала маңын дамыту Концепциясы қабылданған,  оның шеңберінде соммасы шамамен 77,5 млрд. теңге  болатын 232,38 шақырым жол және 900,9 шақырым инженерлік желілерді салу жоспарлануда.

«Ағымдағы жылы қаланың тұрғын алабындағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде Комсомольский 4-кезек тұрғын алабындағы (ұзындығы 1,8 шақырым болатын, 2 көше) жоба бойынша  жұмыстар толығымен аяқталатын болады, Комсомольский 2,3 кезек тұрғын алабындағы жоба бойынша жұмыстар жалғасуда, Интернациональный, Мичурино тұрғын алабындағы су құбыры және кәріз желелерінің инженерлік желілерін тарту құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Онтүстік-Шығыс тұрғын алабының оң жағында жұмыстар жүргізілуде, Көктал-2 тұрғын алабындағы жұмыстар 90% аяқталатын болады және су құбырлары, тұрмыстық пен нөсер кәріз жүйесінің желілері қосылады,                      5,5 шақырым жол. Аталған тұрғын алабтардағы құрылыс жұмыстары  2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда», - деп түйіндеді А.Қарағойшин.

Қайрат Жандыбаев

Фото автордан





Яндекс.Метрика