Рухани жаңғыру

«Туған жер» аясындағы форум ақтөбеліктердің басын біріктіреді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын қазақ тілін латын қарпіне көшіру тұрғысынан талқылау бойынша сарапшылар кездесулері сериясынан ІІІ Өңірлік дөңгелек үстел өтті.
Ақтөбе 21 Қыркүйек, 19:57

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов дөңгелек үстелге қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде атқарушы билік, диалог режиміндегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің жұмысын реттеу, ғылыми-сараптама қауымдастығымен тұрақты пікір және ақпарат алмасудың маңыздылығын баса айтты.  

Ақтөбе облысында бағдарламаны іске асыру барысы туралы әкімдіктің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ермек Тауанов айтып берді.

Филология ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы АМӨУ теория және практикалық тіл білімі кафедрасының доценті Нұрбол Сәдуақас өз сөзінде латын әліпбиіне көшу дер кезінде жүргізіліп жатқанын және дәуірдің жаңа сын-тегеуріндеріне жауап беретінін атап өтті. Бұл ұстаным филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Мировтың сөзінде көрініс тапты.  

М. Миров латын графикасына көшу тілдің әлемдік мәдениетке жақындауының алғашқы қадамы екенін баса айтты.  

Филология ғылымдарының докторы Сабыржан Мұхтаров әліпбиді реформалау кезінде әлемдік тәжірибені зерттеудің маңыздылығына назар аударды.

Профессор, тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдоллаевтың пікірінше, латын әліпбиіне көшу — ұлттың одан әрі дамуы үшін тарихи қадам және Қазақстанның жетістіктерін әлемге тарату және трансляциялау мүмкіндігі.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалды, олар бағдарламаны іске асыруға жауапты мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстың ғылыми-сараптама қауымдастығының, ҮЕҰ және ЖАО-ның 40-тан астам өкілдері қатысты.





Яндекс.Метрика