Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қызылорда облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің материалдық базасы жаңартылды

Қызылорда облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің материалдық базасы аңартылды. Бұл туралы «100 нақты қадам - Ұлт жоспары» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысына арналған брифингте белгілі болды.
Қызылорда 21 Қыркүйек, 17:54

Шара аясында облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қалижан Қобландин мен ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ибраев Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар барысын баяндады.

«Жалпы, облыс бойынша жергілікті полиция қызметкерлерінің саны 1006 бірлікті құрайды. Оның ішінде, 64-і аппарат қызметкерлері, 258-і учаскелік полиция инспекторлары, 78-і учаскелік полиция инспекторының көмекшілері, 27-сі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар. Сондай-ақ, ЖПҚ құрамында 110 мектеп инспекторы, табиғат қорғау полициясының 14, жол-патрульдік полициясының 409 қызметкері бар»,- делінген хабарламада. 

Аймақ әкімдігінің хабарлауынша, бүгінде Жергілікті полиция қызметі ммандары қылмыстылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жасап келеді. Облыс әкімінің қолдауымен және маслихаттың шешімімен Жергілікті полиция қызметі құрылған уақыттан бері жергілікті бюджеттен 1 млрд. 770 млн. теңге бөлініп, құрылымның материалдық-техникалық базасы жаңартылды.





Яндекс.Метрика