Парламент

Сенаторлар кедендік рәсімдеу орталығының жұмысын тексерді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары «Астана –Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің жұмысымен танысты.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 16:14

«Мекеме басшылығымен кездесу барысында шараның басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапалық сәйкестігі мен мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің кедендік бақылауды жүзеге асыруын қарастыру керек», - деді Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина.  

Сенатордың айтуынша, кездесу маңызды мәселелерді көтеруге және таяуда Парламентте қаралатын жаңа Кеден кодексінде қарастыру қажет болатын ұсыныстарды айтуға мүмкіндік береді.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев баяндама жасады.

Кеден бекетінің басшысы Талғат Жаңбырбаев сенаторларды кедендік рәсімдеудің жаңартылған орталығымен таныстырып, кедендік тазалау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі жаңа әдістер туралы айтты. Меймандарға осы нысанның негізгі көрсеткіштері бейнеленген интерактивтік табло көрсетілді.

Депутаттар мемлекеттік баж мен салықтарды пластик карточкалармен төлейтін төлем терминалдары, тауарлар бойынша бағалар жүйелі түрде жаңарып тұратын ақпараттарға қол жеткізуге болатын компьютер орнатылған аймақты қарап шықты. Шара бағдарламасы бойынша сенаторлар «Қазпошта» акционерлік қоғамының халықаралық пошта жөнелту бөлімшесінің жұмысымен және көлік-логистика орталығының инфрақұрылымымен де танысты.

Кездесу барысында депутаттар жаңадан енгізілген Астана-1 ақпарат жүйесі алғашқы жобасының нәтижелеріне, тауарлар импортын ұлғайту немесе азайтуға, импорт тауарларға сертификат беру жөніндегі регламентке, кеден баждарының төлемін кейінге қалдыруға, сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушыларды тіркеудегі өзекті мәселелерге, бизнес үдерістерін оңтайландыруға қатысты бірқатар сауалдар қойды.





Яндекс.Метрика