ҚР ИИДМБ

Өңдеу секторының бәсекеге қабілеттілігі артты – ҚР ИДМ

Индустрияландыру дағдарыс кезеңінде кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін жаңа жобалар құру үшін мүмкіндік беретін даму құралдарының бірі. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындыларына арналған партиялық тыңдау барысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Қыркүйек , 15:57

Оның айтуынша, ИИДМБ іске асыру кезеңінде Қазақстанда өңдеу саласының жаңа 26 секторы пайда болды. Өнімді жұмыспен және еліміздің көптеген өңірлерінде экономика тұрақтылығын қамтамасыз еткен жаңа индустиалды база пайда болды.

Жалпы алғанда, экономика мен өнеркәсіптің құрылымы өзгеруде. Атап айтқанда, өңдеу секторының экономика дамуына үлесі (ЖІӨ) 2010 жылғы 11,3%-дан 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша  12,0%-ға дейін, өнеркәсіпте 2010 жылғы 30,5 %-дан 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша  40,1 %-ға дейін, экспортта 2010 жылғы 27,9 %-дан 2017 жылдың 7 айы бойынша 32,5 %-ға дейін артты.

Өңдеу секторының бәсекеге қабілеттілігі артуда. Мысалы, 2010 жылдан 2016 жылға дейін өңдеу өнеркәсібінің орта және ірі кәсіпорындарындағы еңбек өнімділігі 2 есе артты (38,9 АҚШ долл/адам дейін).

2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,6-дан 11,8 мың АҚШ долл/адам көрсеткішіне дейін артты(нақты өсім 5,3%).




Яндекс.Метрика