EXPO-2017

ЭКСПО-2017 қаладағы өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді - ЮНИСЕФ (ВИДЕО)

ЭКСПО-2017 көрмесі қарапайым халыққа бірқатар заманауи жетістіктерді жеткізуге мүмкіндік берді, оның ішінде қалада өмір сүру сапасын арттыруда бар, деп хабарлады Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 20:21

«Біріншіден, климаттың өзгеруі және де осы ретте өмір сүру сапасын арттыратын  инновациялық шешімдерді іздестірудің маңыздылығы. Екіншіден, білім беру саласында сапаны арттыру бойынша инновациялық шешімдердің қажеттілігі. Үшіншіден, қалалық ортада өмір сүру сапасын арттыруды қалалық жоспарлауға  балалардың қатысуы. Төртіншіден, бұқараның мүддесіне байланысты үздік стартап тәжірибелер мен күшті біріктірудің пайдалылығы», - деді Ю. Оксамитный.

ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп оқушылар жұмыстарының көрмесін өткізді, оның өту уақыты  министрліктің экономикалық конференциясымен тұспа-тұт келді.

«Балалардың суреттері үлкендерге олардың болашақты қалай көретінін және де үлкендердің бұл болашақты сондай жарқын ету үшін қандай шараларды жүзеге асыру керектігін күнделікті еске салып отырды», - деп атап өтті спикер.

ЮНИСЕФ ЭКСПО павильондарында өтіп жатқан бірқатар шараларды ұсынды. Шаралар түрлі тақырыптарға арналды, олар білім беру, инновациямен тығыз байланыста болды.

БҰҰ балалар қоры — Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен жұмыс істейтін халықаралық ұйым.

Гүлтай Хасенова

Видео Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика