ҚР ИИДМБ

Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 28%-ға артты

Бүгінде Қазақстан отандық өндіріс өнімдерімен елімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, сыртқы нарыққа шығуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын баяндаған партиялық тыңдауда айтты.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 15:34

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорт көлемі 7,5 млрд. долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артты.

Министрдің айтуынша, Қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 110 елге экспортталады. Бірқатар тауар түрлері үшін жаңа өткізу нарықтары ашылды.

ҚР ИДМ хабарлағандай, алғаш рет Lada Niva жеңіл автокөлігі ҚХР мен БАӘ-не (6 айда 672 бірлік), Тәжікстанға JAC автокөлігі (6 айда 76 бірлік) экспортталды. Ауыл шаруашылық машинажасау өнімдері бойынша «ДонМар» компаниясы шығаратын дестелегіш алғаш рет Ресейге экспортталды (2016 жылы 22 бірлік).

Мемлекеттік бағдарлама іске асырылған 7 жылда өңделген тауар экспортының номенклатураларының атқаны байқалып отыр ( 777-ден 876 тауарға дейін).

Локомотивті өндіру және Әзірбайжан мен Тәжікстанға экспорттау жолға қойылды (90 млн. АҚШ долларына  40 локомотивов, «ЛКЗ» АҚ), бу қазандықтарының бөлшектері Ресей мен Өзбекстанға (34,4 млн. долл.), алюминий профильдері Өзбекстанға (2145 тонн, 4,4 млн. АҚШ долл.), ауыстырушы стрелка ( 2016 ж. Проммашкомплект, 73 комплект) және құбыр арқылы өткізуші арматуралар Ресейге (2016 ж., УКАЗ 11,6 млн. АҚШ долл.) экспортталды.





Яндекс.Метрика