Рухани жаңғыру

Атырау облысының жұртшылығы латын әліпбиіне көшуді қолдайды

Атырауда облыс əкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен "Латынға көшу:болашақ таңдауы" атты облыс активінің жиналысы өтті, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Атырау 22 Қыркүйек, 09:16

Актив барысында белгілі ғылым қайраткерлері мен шығармашылық өкілдері латын қарпіне көшу еліміздің басқа мемлекеттермен байланысын нығайтуда маңызды роль атқаратынын айтты.

«Əліпбидің латын қарпіне көшуі туралы Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында атап көрсетті. Жақында Парламентте ұсынылған латын əліпбиінің жобасын бүкіл ел талқылап жатыр. Бұл ана тілімізді халықаралық деңгейге көтеретін уақыт талабы, жаңа технологиялар мен инновациялар. «Жапония, Қытай секілді елдерде иероглифтермен бірге латын қарпі де қолданылады. Медицина мен басқа да салаларда заманауи терминология латынша жүргізіледі. Қазір кез келген студент пен оқушы латын əрпінде жаза алады. Тілдік ерекшелігімізді сақтай отырып,бірыңғай стандартқа келтіруіміз керек. Латынға көшу əлемдегі қазақтардың бірігуіне жол ашады, қарым-қатынасқа да қолайлы», -деді  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жұмазия Абдрахманова.

Жиынға өңірдегі зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты. Айта кету керек, аймақтың шығармашылық қауымы латын қарпіне көшу туралы ұсынысты алғашқылардың бірі болып қолдады.

«Мемлекет басшысы айтқандай, латынға көшу кезең-кезеңмен жүзеге асады. Болашақ ұрпақ үшін мəдениет пен білімнің іргетасын бүгін қалауымыз керек»,-деді облыс əкімі Нұрлан Ноғаев.





Яндекс.Метрика