Цифрлы Қазақстан 2022

Ә. Исекешев Smart Astana бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар кездесулер өткізді

Елбасының қатысуымен цифрландыру мәселелері бойынша өткен республикалық отырыстың қорытындылары бойынша Smart Astanaбағдарламасын іске асыру бойынша ірі технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар келіссөздер өткізілді, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 20:43

Атап айтқанда  астанада келесі бағыттар бойынша технологияларды пайдалану бойынша жобаларды енгізу қарастырылды: интернет заттары (IoT), бұлт технологиялары, жасанды интеллект, жер қатынастарындағы BIM, blockchain технологиялары және үлкен деректер (Big data).

Smart Astana жобасы шеңберінде білім, денсаулық сақтау, көлік, қауіпсіздік, құрылыс және басқа салаларда әкімдіктің және қала қызметтерінің жұмысына цифрлық технологияларды енгізу сияқты 20 аса жобаларды іске асыру жүргізілетіні белгілі. 

Екі жақты кездесулер барысында Астана қ. әкімі Исекешев «ақылды қалаларға» арналған шешімдердің негізгі провайдерлерінің бірі Nova Group сингапур компаниясының вице-президенті Эдди Тан мырзамен диалогы өтті. Сұхбатшылар әкімдіктің және электронды денсаулық сақтау саласының электронды қызметтерін құруға, автоматтандыруға ВІМ-технологияларын енгізу мәселелесін талқылады.

Сонымен бірге қала әкімдігімен Лаирд Коган бастаған Cagan McAfee Capital Partners компаниясының бас директорымен және ортақ құрылтайшысымен  Астана қаласын дамыту және венчурлық капиталды тарту мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізілді.

Одан әрі Bit Fury директорлар кеңесінің төрағасы Валерия Вавилов мырзаның қатысуымен деректер сенімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған Астана қ. жер қатынастарына «blockchain» технологияларын енгізу мәселелерінің кең спектрін талқылады. 

Сонымен бірге, 14 қыркүйекте астаналық әкімдік алаңында Ішкі істер қауіпсіздігінің вице-министрі Шим Бо-Кюн мырза және Корей ақпараттық технологияларды зерттеу және дамыту институтының сарапшылары бастаған  Оңтүстік Корей делегациясының қатысуымен интернет заттарын (IoT) және Smart City енгізу бойынша семинар өтті.

Семинар барысында корей тарабы IoT-технологияларға негізделген Кореяның бірінші ақылды қаласы – Пусан қаласында IoT және аналитикалық платформаны енгізу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Инновацияларды дамытуға үлкен мән бере отырып, тараптар іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. пікірлермен алмасты, іске асыруға жоспарланған бірқатар өзекті жобалармен танысты және  тараптар іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының астанасын цифрландыруда стратегиялық курстқа өзінің шынайы берілгендігін растады. 





Яндекс.Метрика