Экономика

Біздің міндет Қазақстанның машина құрылысы саласының экспорттық әлеуетін арттыру – М.Пшембаев

Біздің міндет Қазақстанның машина құрылысы саласының экспорттық әлеуетін арттыру. Бұл туралы «Қазақстан машина жасаушылар одағы»ЗТБ басқармасының төрағасы Мейрам Пшембаев Қазақстан машинажасаушыларының V форумын өткізуге арналған ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 14:56

М. Пшембаев хабарлағандай, Қазақстан машина жасаушыларының V мерейтойлық форумын ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі Қазақстан машина жасаушылар одағымен бірлесіп өткізді.

«2017 жылғы форум жаңа форматта өтуде. Ағымдағы жылы форум аясында 10 секциялық отырыс өтеді, оның ішінде үш секция жаңа секция болып табылады. Біздің дәстүрлы жеті секциямыз мұнай газ машина құрылысы, салааралық өндірістің машина құрылысы технологиясы, автомобиль құрылысы, электр техникалық машина құрылысы, тау-металлургия машина құрылысы, теміржол машина құрылысы, сонымен қатар ағымдағы жылы индустрия 4.0 қосылды», - деді  М. Пшембаев.

Басқарма төрағасы атап өткендей, Астанада қыркүйектің 20-21 күндері Қазақстанның V машинажасаушылар форумы өтуде. Әлемнің 20 елінен шетелдік делегаттар келді.

«Форумда отандық машинажасау саласын одан әрі дамыту мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөнінде нақты ұсынымдар әзірленетін болады», - деп толықтырды  М. Пшембаев.

Оның айтуынша, шараның басты міндеті отандық машина құрылысы саласының экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады.  

«Біздің форумымыздың ұраны – жаңғыруды жеделдету, Қазақстанда жоғары технологиялы машина құрылысын жасақтау. Біздің нарық өте тар, алайда біздің көрші елдерге экспорттауға жақсы мүмкіндігіміз бар. Бір сөзбен айтканда Қазақстанның машина құрылысы өнімі Ресей, Қытай, Африка, ТМД мен жақын шетел елдеріне экспортталады. Біздің басты міндетіміз  отандық машина құрылысы саласының экспорттық әлеуетін арттыру және экспорттайтын елдер нарығын арттыру болып табылады», - деп түйді М. Пшембаев.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика