Халықаралық интеграция

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласында қытайлық компаниямен ынтымақтастық орнатты

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған жамбылдық делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Жамбыл21 Қыркүйек , 15:16

Іс сапардың алғашқы күні СУАР провинциясында орналасқан асыл туқымды мал басын көбейтумен айналысатын «Xinjiang Silk Roab Huashuo Eguity Investment Co.LTD» компаниясының жұмысымен танысты.

Жамбыл облысы әкімдігінен хабарлағандай, 4 түрлі бағытта жұмыс істейтін бұл компания 2003 жылы кұрылған. 2013 жылы репродукторлық, ет, сүт бағытындағы арнайы ферма кұру жұмыстарын аяқтап Америка Құрама Штаттары және Австрия мемлекетімен карым катынас орнатты. Жобаның жалпы құны - 300 млн юань. 

Компанияның фермаларында 1 млн. 500 мың бас сиыр өсіріліп, оның жылына 600 мың басы етке өткізіледі. Сондай-ақ, әлемдегі озық технологиялардың арқасында мал басын қолдан көбейту мен асылдандыру жұмыстары осында жүргізіледі. 

Өз кезегінде компания президенті Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевқа бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын айтты.

«Аталған фермалар үшін ауа райының қолайлылығы өте қажет. Осындай жұмыстарды Жамбыл облысында өздеріңізбен бірге қолға алып, инвестиция салуға әзірміз», - деді компания президенті Изян Вэй.

Іс сапар соңында қос тарап арнайы жиын өткізіп, пікір алмасты. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев облыстағы ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, озық технологияларды енгізуге дайын екенін жеткізді.

Жиын соңында қос тарап мал басын көбейту мен асылдандыруға, жоңышқа егуге, томат пастасы мен қызанақ өңдеуге қатысты меморандумға қол қойды.

Еске сала кетейік, жамбылдық делегацияның жұмыс сапары ертең Шаньси провинциясының Сиань қаласында жалғасын табады. 




Яндекс.Метрика