ҚР ИИДМБ

Оңтүстік қазақстандық мақта талшығы Чехия мен Үндістан еліне экспортталады

Оңтүстік Қазақстан облысының мақта талшығы Чехия мен Үндістан еліне экспортталады, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Южно-Казахстанская область 21 Қыркүйек, 14:36

Биыл мақтаралдық «Мырзакент» мақта тазалау зауыты мақта талшығын дайындауда рекордттық көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін. Бұл межеге жету үшін кәсіпорынға АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алып орнатқан қондырғысы көмектеспек. Өңірдегі мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары.

«Мақта зауытымыздағы инвестициялық жоба 2013 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінде (ӨҮК) мақұлданып, индустриалды картаға еңгізілген болатын. Сөйтіп, аталмыш жобаны 2014 жылы іске қостық. Бүгінде зауыттың жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайды. Мұнда 120 адам мерзімді жұмыс орнымен қамтылған», - дейді зауыттың бас инженері Асылбек Жамалов.  

2014 жылы «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорын биылдың өзінде 60 мың тонна мақта талшығын әзірлеуді жоспарлап отыр. Тәулігіне мұнда 40 тонна мақта талшығы өндіріледі. Дайын өнім Шымкенттегі мақта тоқыма зауытына жөнелтіледі. Зауыт қажеттілігінен артылған талшықтар Чехия мен Үндістан мемлекеттеріне саудаланады екен.

Осылайша «Мырзакент» ЖШС-гі мақтаны өсіріп қана қоймай оны қайта өңдеу ісімен де айналысып жатыр. Сондай-ақ, бұл кәсіпорын өңір мақташыларынан тиімді бағада ақ алтын қабылдап, қамбасын шикізатпен толтыруда.





Яндекс.Метрика