Экономика

Астанада шағын және орта бизнес субъектілерінің саны көбейді

Бүгінде Астанада шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10%-ға өсіп, 144 мың қатысушыны құрады, бұл туралы елордалық әкімдіктен хабарлады.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 12:32

«Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері 10% өсіп, 144 мың қатысушыны құрады. ШОБ-те тауарларды шығару 330 млрд. теңгеге немесе 55,8% - ға өсті және ол 800 млрд теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлікте жалпы өңірлік өнімге қосылған құн үлесі 47% - дан 57,4% - ға ұлғайып, 11,4% - ға өсті. Астана әлі де Қазақстан аймақтары арасында көш басында тұр. Оған көрменің өтуі де өз септігін тигізді», - деп түсіндірді Р.Қауғабаева, Астана әкімдігінде өткен баспасөз-конференциясында.

ШОБ субъектілері арасында тамақ өнеркәсібі ерекше рөл атқарады. Бүгінгі таңда елордада 1500 тамақтану нысандары жұмыс істейді. Оған мейрамханалар, кафелер, дәмханалар, сонымен қатар дала фастфудтарын тағы да басқаларын жатқызуға болады. 

«Көрмені өткізу кезінде 47 жаңа мейрамхана ашылды. Сонымен қатар ондаған дәмханалар жұмыс істей бастады», - деп ақпараттандырды Р.Қауғабаева.

Айта кету керек, көрменің ашылуы Астана базарларына барушылар санын көбейтіп, саудасын жандандырды. 

Мысалы, 2017 жылдың маусым-тамыз айларында базарларға адамдардың келу саны күніне 12-13 мың адамға дейін өскен, ал мереке күндері 15 мың адамға жетті. Бұл 2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда 2 есе көп (базарларға келу саны орташа есеппен 4 мыңнан 6 мың адам құрайтын).





Яндекс.Метрика