Инновациялар

ШҚО ғалымдары МРТ-ға арналған өткізгіштігі тым жоғары сым жасаумен айналысуда

Өскеменде облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша арнайы топтың жиыны өтті. Бүгінде өңірде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғалымдары әзірлеген, хабарлады облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан 21 Қыркүйек, 12:17

ШҚО-ның ірі өнеркәсіп ошақтарында өнімнің жаңа түрін жасауға бағытталған 7 ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асуда.

Ғалымдар мен өндірушілердің басты мақсаты – жоғары экспорттық әлеуеті мен қосылған құны бар жоғарытехнологиялық өндіріс құру. Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімі маусымда жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасауды тапсырған.

Осы ретте 3 ай ішінде маркетингтік зерттеу жүргізіп, нарықтағы қазіргі ахуал бойынша сараптамалық мәліметтер жиналды.

«Бәсекелестіктен қорықпау керек. Бізде жабық экономикалық нарық. Ең бастысы шикізатты өзімізден өз бағасымен аламыз. Бағдарламаларды жүзеге асыру барысында қаржылай қиындықтар болмайды», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айта кету керек, ШҚО ғалымдары МРТ арналған өткізгіштігі тым жоғары сым жасау, титан, сонымен қатар тантал және ниобийден жасалған қондырымшығару мырыш пен қорғасын алудағы пирометаллургиялық үрдісті жаңарту бойынша жұмыс жүргізуде. 





Яндекс.Метрика