Мәдениетті жаңғырту

Қарағандыда Қызыбек бидің 350-жылдығына арналған көрме өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан Қазыбек бидің 350-жылдық мерейтойына арналған «Атадан қалған асыл мұра» атты көрмесі өтті.
Қарағанды 21 Қыркүйек, 10:31

Көрменің мақсаты қазақстандық мемлекеттілік және патриоттық сезімді нығайтуғ, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және зерттеу, өңірлердегі мәдени байланыстарды нығайту, музей жинақтары мен музей заттарының халыққа қол жетімділігін қамтамасыз ету, музей ісін кеңейту болып табылады.

Облыс тұрғындары Ұлттық музей қорынан тұратын құнды жәдігерлермен, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетімен таныса алады. Көрмеде 70-тен астам жәдігер қойылған. 

Сонымен, көрмеде б.э.д. V-III ғғ. Алматы облысы, Есік қорғанының жауынгері, Қазақстан Тәуелсіздігінің символы Алтын Адам, коллекционер Азат Әкімбековтың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы жауынгер қару-жарақтары, белдік пен республиканың әр түрлі аймақтарында табылған ХІХ-ХХ ғғ. ат әбзелдері көрсетіледі.

Экспозицияның орталық бөлігінде ұлы шешен және қоғам қайраткері «Қаздауысты» Қазыбек бидің шапаны орын алады, бұл экспонатты музейге Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, Қазыбек бидің тікелей алтыншы ұрпағы Алтын Қожахметов тапсырған.

«Қалыпқа келтіруші маман Тұрсынкүл Жайлаубаеваға үш жүз жылдық тарихи бар  Қазыбек бидің шапанын қалпына келтіру үшін екі жыл шамасында уақыт қажет болды. Ол алтын және күміс жіптерін Бұхарадан өзі әкелді», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.  

Бұдан басқа, Қазақстанның қазіргі заманға танымал суретшілерінің көркем суреттері ұсынылған. Бұл Т.Тоғызбаевтың «Төле би», «Қазыбек би» және «Әйтеке би» триптихтері, А.Сыдыхановтың «Қарасай» ұраны», А.Дүзелхановтың «Алтын адамы», Е.Төлепбайдың «Аңырақай» монументалды және сәндік көрме суреттерінің эскиздері, М.Калимовтың «Абылай хан» портреті және тағы басқа. 





Яндекс.Метрика