Өңірлер

Ақмола облысында ШОБ-қа қолдау көрсету аясында 682 жоба мақұлданды

Ақмола облысында 2010 мен 2017 жылдар аралығында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 14,9 млрд теңге, оның ішінде 2017 жылы – 4,8 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаны жеті жылда жүзеге асыру аясында 67,3 млрд теңге көлемінде салық төленді, деп хабарлады Аймақтық коммуникация қызметі.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 10:14

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, бағдарламаны жүзеге асыру барысында 682 жоба мақұлданды, оның ішінде 2017 жылдың 8 айында  16 жоба мақұлданып, 15 мың жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, аймақта кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес қолдау шаралары бар. Бұл жұмыс істеп жатқан бизнеске сервистік қолдау көрсету болып табылады, біз сөзбен айтқанда бұл менеджерлердің тегін кеңес беруі және жобалық оқыту. 





Яндекс.Метрика