Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Франция елшісімен және Nokia өкілімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан20 Қыркүйек , 19:47

Кездесу барысында тараптар экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңіраралық салалардағы ынтымақтастықты талқылады. Бұдан өзге, бірқатар екіжақты жобаларды іске асыру нәтижелері және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша жоспарлар талқыланды.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 130-дан астам кәсіпорын жұмыс жасайды, олардың ішінде: «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» және басқалары бар. Биылғы жылдың 7 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,97 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе артық.

Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Nokia компаниясының Еуропа өңірі бойынша аға вице-президенті Маркус Борхертпен кездесу өткізді. 

Шара қатысушылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ, Nokia компаниясының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында жүргізіліп жатқан ҚР экономикасының салаларын цифрландыру жұмыстарына қатысу келешегін талқылады. 

Рrimeminister.kz  мәліметі бойынша, Nokia Corporation – мобильдік, тиянақталған, кең жолақты және ІР-желілерге арналған телекоммуникациялық жабдықтан тұратын фин трансұлттық компаниясы. Қазіргі таңда Nokia компаниясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – 5G жылжымалы байланысының желілеріне арналған келесі буын стандарттарын әзірлеу және қолданыстағы байланыс операторларының желілерінде оларды тестілеу. 




Яндекс.Метрика