Экономика

Visa мен АХҚО Қазақстанда «қолма-қол есепсіз экономиканы дамытады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен төлемдік технологиялардың ғаламдық компаниясы Visa қолма-қол есепсіз экономика мен АХҚО-ның Fintech экожүйесін дамыту мақсатында ынтымақтасып қызмет ету үшін Ынтымақтастық пен серіктестік меморандумына қол қойды. Бұл туралы АХҚО баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан20 Қыркүйек , 18:01

«Visa Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі инновациялық тауарларды дамыту департаментінің аймақтық басшысы, аға директор Хади Раад «Visa, инновациялық қолма-қол есепсіз төлем саласындағы көшбасшының бірі ретінде қолма-қол есепсіз экономиканың сәтті дамуы үшін мемлекеттің қолдауы аса негізгі фактор. Біз АХҚО-мен бірлесіп, FinTech экожүйесінің дамуы мен жұртшылықтың қаржылық сауатын көтеруге бағытталған жобаларды жүзеге асырмақпыз. Visa PayWave және HCE (Host Card Emulation) секілді инновациялық шешімдерді енгізу арқылы Қазақстан Visa Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері арасында контактілік емес технологияларды дендеп енгізу бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Біз Visa ғаламдық тәжірбиесі мен АХҚО ықпалдастық танытуы Қазақстанның қолма-қол ақшасыз экономикасын әрі қарай дамытады деп есептейміз»,-деді Visa Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі инновациялық тауарларды дамыту департаментінің аймақтық басшысы, аға директор Хади Раад.

Меморандумға сай, Тараптар төлемдік инновация және өзге де технологиялық өнімдерді енгізу, сонымен қатар, елдің төлемдік индустриясының басым міндеттерін шешу бойынша серіктесіп жұмыс істейді.

«Visa-мен арадағы ынтымақтастық АХҚО-ға өз алаңында үздік әлемдік тәжірбиеге сай жаңа қаржылық қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Өте кең көлемдегі дамыған инновациялық төлем жүйесі мен соңғы Fintech өнімдерді пайдалану қаржы орталығы базасындағы инфрақұрылым бизнесіне жағымды жағдай жасауға ықпал етеді»,-деді «АХҚО Әкімшілігі» басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов.

Тараптар атап өткендей, әлемнің 200-ден астам еліндегі электрондық төлем карта пайдаланушылары желісіне қол жеткізе алатын - Visa ғаламдық төлем жүйесімен Еуразияның жаңа қаржылық орталығы арасындағы жүйелі коммуникация қаржы институтарына да, карта пайдаланушыларына да жағымды әсер етеді.  

Серіктестік аясында тараптар ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды, бірлескен іс-шаралар, оның ішінде семинар, тренинг, конференциялар мен презентацияларды өткізетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика