Үкімет

АХҚО қандай бағыттарды дамытатын болады

АХҚО қызметінің негізгі бағыттары - капиталдар нарықтарын дамыту, жекеменшік және мемлекеттік активтерді, қорларды басқару және жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, исламдық қаржыландыру, жаңа қаржы технологиялары, «жасыл қаржыландыру» құралдарын енгізу». Олар туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында кеңінен айтып берді.
Нұр-Сұлтан 20 Қыркүйек, 17:52

«Бүкіл әлем бойынша АХҚО-ға үлкен қызығушылық танытылуда. Жақын арада hintek халықаралық консорциумына қосылуды жоспарлап отырмыз. Оның құрамына әлемнің барлық жетекші банктері кіреді. Біздің пайымымызша ЭКСМПО-ның барлық аумағы  қаржы айлағына айналады. Бірқатар орталық банктер бұл бағытты белсенді қолдауда, енді біреулері сырттан бақылап жүр», – деді Қ. Келімбетов.

АХҚО басшысы Қайрат келімбетов хабарлағандай, орталықтың қызметі аясында алты басымдықты бағытты дамыту жоспарланып отыр. Олардың ішіндегі ең бастысы - бұл капиталдар нарықтарын дамыту.  

«Қазақстандық қаржы секторы негізінен банк институттарының және азаматтармен өзара іс-қимылдың өзге де дәстүрлі құралдарының жұмысына шоғырландырылған. Біз банк емес, қаржы қауымдастығын құру үшін жұмыс жасап жатырмыз және аталған мәселедегі капиталдар нарықтары Қазақстанның қаржы секторындағы жағдайды елеулі түрде жақсартады, сондай-ақ біздің өңірде қор нарықтарын дамыту үшін аймақтық алаңды құрады», - деді Қ. Келімбетов. 

Қ. Келімбетовтың айтуынша, екінші және үшінші басымдықтар бір-бірімен тығыз байланысты - бұл жекеменшік және мемлекеттік активтерді, қорларды басқару және жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару.   

Төртінші бағыт - исламдық қаржыландыру. Келімбетов биыл ислам ынтымақтастығының бірқатар ірі саммиттері Қазақстанда да өткенін атап өтті. Жалпы, АХҚО басқарушысының пікірінше, исламдық қаржыландыру бағытында, Қазақстанның Орталық Азияда да, жалпы Еуразия өңірінде де көш бастаушы ел болуға мүмкіндігі бар.   

Қ. Келімбетовтың айтуынша, бесінші үлкен бағыт - жаңа қаржы технологиялары. 

«Мемлекет басшысы жақында Қазақстан экономикасын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізгенін білесіздер. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы Үкімет жұмысындағы аса маңызды әрі басымдықты бағыттардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, Елбасы АХҚО басшылығына жаңа қаржы технологияларын дамыту бойынша жетекші сараптама орталығына айналу туралы тапсырма берді. Аталған бағытта біз барлық жетекші әлемдік ойыншылармен тығыз байланыс орнатудамыз», - деді Қ. Келімбетов. 

СИкер атап өткендей, алтыншы бағыт ретінде ол «жасыл қаржыландыру» құралдарын енгізу мен дамыту болып табылады.  

«Осыған орай, «Астана Экспо-2017» жоғары технологиялық алаңы жасыл технологиялар саласында зерттеулер жүргізу үшін жеке инфрақұрылымды, ал АХҚО - оның қаржылық құрамдас бөлігін ұсынуы тиіс», - деп түйіндеді Қайрат Келімбетов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында Қайрат Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының жоспарымен таныстырды.

Қайрат Жандыбаев

Фото Шыңғыс Қаппаров





Яндекс.Метрика