Халықаралық интеграция

Норвегияға автомобильмен жүк тасымалдау 53%-ға артты

Қазақстан Норвегияға бидай жеткізуді жандандырады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 09:57

«2016 жылы Қазақстан мен Норвегия арасында автомобильмен жүк тасымал көлемі 53 пайызға ұлғайды. Жалпы, біз аталған елмен жүк тасымалы деңгейін арттырудың  болашағы зор екенін атап өтті. Бүгінде тауар айналымында артықшылық бар, яғни негізінен бұл балық өнімдеріне байланысты. Осыған дейін бізде астық тасымалдауда жақсы көрсеткіш болды, бұл өнім темір жол көлігімен жеткізіліп жүр. Алайда өткен жылы астық көлемі біршама төмендеді» -деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде біз Норвегияға қазақстандық астықты жеткізу көлемін жандандыруды бағытында жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.

«Жүк Санкт-Петербордың портына дейін жеткізіліп, ары қарай пароммен Норвегияға өтеді. Жылдың қорытындысы бойынша сауда теңгерімі қайта қалпына келеді деп үміттенеміз»,-деді Ж. Қасымбек.





Яндекс.Метрика