EXPO-2017

ЭКСПО көрмесін өткізу барысында 300 млн теңгенің кəдесыйлары сатылды

Көрмені өткізу кезеңінде кәдесый өнімдерін өткізу бойынша 630 аса сауда нүктелері жұмыс істеді.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 09:36

Астана қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, көрме дүкендерінің сұрыпталымында 250 өнім атауы ұсынылды.

Осы жазда аталмыш сауда нүктелерінде 300 млн сомаға 175 мыңнан артық лицензияланған өнім бірліктері өткізілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал теріден, саздан, күмістен, киізден жасалған және көркемөнер туындылары кәдесый  өнімдері болды.

Астанада сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеу үшін елордалық Арбат, «Бәйтерек» монументінің жанында «Қолөнершілер қаласы», Нұр Жол гүлзарында кәдесый дүкеншіктері ашылды.





Яндекс.Метрика