Халықаралық интеграция

Қазақстан Беларусияның ДСҰ-ға енуін қолдайды – Ж.Айтжанова

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдардағы Тұрақты өкілі, елші Жанар Айтжанова Беларусьтің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру жөніндегі жұмыс тобының 9-шы отырысына қатысты.
Нұр-Сұлтан 20 Қыркүйек, 19:16

Бұдан басқа, Беларусьтің ДСҰ-ға кіруі аясында ауыл шаруашылыққа қатысты көпжақты кездесу өтті.

ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстан Беларусь Республикасының ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі Жұмыс тобының мүшесі болып табылады. Жұмыс тобына 47 ел кіреді. Оны ДСҰ-дағы Түркияның Тұрақты өкілі, Елші Кемаль Маденоглу басқарады.

Елші Ж. Айтжанова өз сөзінде Беларустің  Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Евдоченко бастаған делегацияны қоштап,  аталған елдің ДСҰ-ға кіруіне Қазақстанның толық қолдауын білдірді.

Отандық дипломат Беларусь Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бола отырып, ДСҰ келісімдерінің нормаларын іс жүзінде орындап отырғанын атап өтті. Елші Ж. Айтжанова Минсктің ДСҰ-ға кіруі шеңберінде әкімшілік рәсімдерді оңайлату үшін өткізген реформалардың арқасында 2017 жылғы Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде Беларусь 37-орынға ие болғанын атап өтті.

Сессия барысында Беларусьтың ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмыс тобының баяндамасының бірінші жобасы негізінде Минсктің сауда саясаты қарастырылды. ДСҰ-ға мүше-мемлекеттерге ұлттық заңнаманы ДСҰ-ның ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында Беларусьте жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат таратылды.

Беларусь делегациясының басшысы кездесуге қатысушыларды ДСҰ-ға мүше 14 елдермен тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізу туралы екіжақты келіссөздердің аяқталуы жайында  хабардар етіп, 11-ші ДСҰ Министрлер конференциясы аясында мүдделі сауда әріптестерімен белсенді жұмысты жалғастыруға ниетін білдірді.





Яндекс.Метрика