АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

АӨК саласында 187 несиелік серіктестік жұмыс істейді

Бүгінде агроөндірістік кешен саласында 187 дана несиелік серіктестік жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтан21 Қыркүйек , 09:13

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша несиелік серіктестіктер көбіне Алматы (25), Оңтүстік Қазақстан (22) мен Ақмола (18) облыстарында орналасқан. Маңғыстау облысында әзірге 1 несие серіктестігі бар.

Жыл сайын НС арқылы 3000 астам шағын және орташа ауыл шаруашылығы заемдары алынады. НС қатысушыларының жалпы саны 15 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден асып жығылады және жыл сайын бұл сан артып келеді. Қызмет басталғалы 40 000 астам заем берілді. Жүйенің актив көлемі 102,6 млрд теңгені құрап отыр, ал қарыз қоржыны 91,3 млрд теңге болды.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте «Қазақстан Республикасы кредиттік серіктестерінің І форумы 2017» өтеді. Шара ұйымдастырушылары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «агроөнеркәсіп кешеніндегі (ары қарай - АӨК) кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі. Қазіргі таңда кредиттік серіктестіктер, «Атамекен» ҰКП және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығынан барлығы 184 адам тіркеліп, форумға қатысуға ниет танытып отыр. Олардың қатарында Қырғызстанның, Литва және Ресейдің кредиттік кооперация көшбасшылары да бар. Форум «Кредиттік кооперация. Ерекшелігін біл!» деген ұранмен өтеді. 




Яндекс.Метрика