АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйді пайдалануға беру жылдамдығы 19,9%-ға артты

Солтүстік Қазақстанда тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жылдамдығы 19,9%-ға артты, бұл туралы Статистика басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Қуанышбек Қалижанов СҚО әкiмдiгiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың қорытындысына арналған отырысында хабарлады.
Солтүстік Қазақстан 20 Қыркүйек, 20:44

«Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша облыс 16 өңiр арасында өнеркәсiп өнiмiнiң өсiмiнен 5-шi орынды иелендi. Жедел статистикалық мәлiмет бойынша, қаңтар-шiлде айларында тұрғын үйлердi пайдалануға беру өсiмi 19,9%, өнеркәсiп көлемi — 5,3% болды. Бөлшек сауда көлемi 2,3%-ға, ауыл шаруашылығы өнiмдлерi — 1,5%-ға, негiзгi капиталға салынған инвестиция — 0,2%-ға өстi. Осы кезеңде 122,3 млрд. теңгенiң ауыл шаруашылығы өнiмi шығарылды, НКИ — 101,5%. 2017 жылы қаңтар-тамыз айларында 55,3 мың тоннаның тiрi салмақта малы мен құсы сойылды, 391,9 мың тонна сүт сауылды, 467,7 млн. дана жұмыртқа алынды», - деді департамент өкілі.

Бұдан басқа, спикер аймақтың ет өндiруден жоғары көрсеткiш көрсеткен аудандарын атады.  

«Шал ақын ауданы — 13,5%, Ғ. Мүсiрепов атындағы — 10,6%, Айыртау — 7,5%, Аққайың — 6,4%, сүт бойынша: Айыртау — 10,2%, Аққайың — 8,6%, жұмыртқа алудан: Қызылжар — 25,1%, Шал ақынауданы — 19,3%, Уәлиханов ауданы — 14,1%», - деп атап өтті Статистика басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Қуанышбек Қалижанов. 





Яндекс.Метрика