Ұлт жоспары 100 нақты қадам

EROPA Азиялық көшбасшылар форумында мемлекеттік басқарудағы инновациялар талқыланды

Сеулдегі Көшбасшылар форумында Азия мемлекеттерінің жоғары лауазымды өкілдері, саясаткерлері және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) хатшылығы өкілдері инновациялық шешімдер мен әкімшілік реформалар бойынша озық тәжірибені талқылады. Форум EROPA (Estern Regional Organization for Public Administration) Бас Ассамблеясы отырысы мен жыл сайынғы конференциясы ауқымында өтті.
Нұр-Сұлтан 20 Қыркүйек, 20:13

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқару комитеті төрағасы Алихан Байменов аймақ елдерінің мемлекеттік қызметті жетілдірудегі жетістіктеріне тоқтала отырып, тиімділігін әрі қарай арттыру бағыттарын көрсетті.

«Біріншіден, бұл – құндылықтар. Екіншіден, ортақ мақсатқа арналған адамдар әлеуетін барынша пайдалану мен дамытуға жағдай жасайтын орта. Үшіншіден, жүйелер мен ұйымдардың бейімделгіштігі мен икемділігі. Төртіншіден, көлденең коммуникацияларды жақсарту. Бесіншіден, өкілеттіліктер, жауапкершіліктер мен ресурстардың тік және көлденең тепе-теңдігін сақтау. Алтыншыдан, бұл – өз ұйымдарының міндеттерін жоғары деңгейдегі – қоғам, ел және Тұрақты даму мақсаттарымен үйлестіруге мүмкіндік беретін көшбасшылық», - деді Байменов.

Сонымен қатар, ол  аймақтық және ғаламдық ынтымақтастықтың мемлекеттік қызметті дамытудағы рөліне Қазақстан үкіметінің бастамасы – Астана хабы мысалында тоқталды.  

Конференция ауқымында Корея Республикасының персоналды басқару Министрі Пан Сук Ким Алихан Байменовпен кездесуінде Хабпен ынтымақтастықтың маңызы мен тиімділігін атап өтті. Хабтың басқару комитет төрағасы Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының мемлекеттік қызметті реформалау бөлімі басшысы Эдвин Лаумен де кездесіп, тараптар мемлекеттік басқару саласындағы бірлескен зерттеулер барысын талқылады.

EROPA – Азия-Тынық мұхиты аймағының он қатысушы мемлекетін, 95 ұйым мен топтар, 600-ға жуық жеке қатысушыларды мемлекеттік басқаруды дамыту бойынша ортақ мақсатқа жұмылдыратын халықаралық қауымдастық.   





Яндекс.Метрика