Үкімет

Қ.Келімбетов АХҚО-ның жоспарымен бөлісті

ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында Қайрат Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының жоспарымен таныстырды.
Нұр-Сұлтан 20 Қыркүйек, 13:03

АХҚО – бұл Орталық Азия елдері, Кавказ республикалары, Еуразиялық экономикалық одақ, Таяу Шығыс елдері, Батыс Қытай аумағы, Моңғолия мен Еуропа елдеріне арналған қаржылық хаб. АХҚО «ЭКСПО-2017» аумағында орналасатын және қазіргі заманғы инфрақұрылымдар мен озық технологияларды пайдаланатын болады.

Қ. Келімбетов хабарлағандай, ТМД-да алғаш рет АХҚО аясында жетекші әлемдік қаржы орталықтарының жұмыс істеу принціптеріне негізделген жеке құқығы бар арнайы құзырет болады.

«АХҚО қызметі аясында алты бағытты дамыту жоспарланып. Олар:  бұл капиталдар нарықтарын дамыту,  жекеменшік және мемлекеттік активтерді, қорларды басқару және жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, исламдық қаржыландыру, жаңа қаржы технологиялары, «жасыл қаржыландыру» құралдарын енгізу», - деді Қ. Келімбетов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған АХҚО «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бір бөлігі болып табьылады. Сонымен қатар, АХҚО мәртебесі ҚР Конституциясында және ҚР Конституциялық заңнамасында заңнамалық тұрғыда бекітілген.

Қайрат Жандыбаев

Фото Шыңғыс Қаппаров 





Яндекс.Метрика