Инвестициялар

Жамбыл облысында 2017 жылы 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Жамбыл облысында 2017 жылдың 8 айында сомасы 8,3 млрд. теңгеге 398 жұмыс орны құрылған 6 инвестициялық жоба іске асырылды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов АКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Жамбыл 20 Қыркүйек, 14:58

Спикердің айтуынша, ағымдағы жыл басынан уақытылы қабылданған шаралардың нәтижесінде экономиканың барлық салаларында өсу үрдісі байқалуда. 

Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісінің көлемі  2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайызға артты  (226,8 млрд.теңге).

«Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 13,4%-ға (27,6млрд.теңге),  электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 0,9 пайызға (40,1 млрд.теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда - 4,1 пайызға  (2,0 млрд. теңге) өсуі байқалады», - деп мәліметтер келтірді басқарма басшысы.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде – 1,5%-ға төмендеген  (157,1млрд. теңге).

2017 жылы кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында жалпы сомасы 17,3 млрд. теңгеге 1348 жұмыс орны құрылатын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.Оның ішінде 2017 жылдың 7 айында сомасы 8,3 млрд. теңгеге 398 жұмыс орны құрылған 6 инвестициялық жоба іске асырылды.

1)«С.П. «Ролла-Ян» ЖШС – макарон цехын қайта жаңғырту». Жобаның құны – 285,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына –9 мың тонна. Жоба 2017 жылдың 17 қаңтарында іске қосылды. 60 жаңа жұмыс орындары құрылды.

 2) «Қаратау ПРО» ЖШС – ұсақталған толтырғыш өндіретін зауыт құрылысы. Жобаның құны – 1946,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына – 110 мың тонна. Жоба 2017 жылдың 27 наурызында іске қосылды. 68 жаңа жұмыс орындары құрылды.

3) «Первомайские деликатесы» ЖШС - шұжық өндіретін цехты қайта жаңғырту. Жобаның құны – 223,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына – 3 мың тонна. Жоба 2017 жылдың 28 ақпанында іске қосылды. 70 жаңа жұмыс орындары құрылды.

4) «AlinaHolding» - «құрғақ құрылыс қоспаларын», «ұсақталған толтырғыш» және «гипс» өндіретін кешенінің құрылысы. Жобаның құны – 3900,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы – 140 мың тонна. Жоба 2017 жылдың 23 мамырында іске қосылды. 105 жаңа жұмыс орындары құрылды.

5) «Аса Damu» ЖШС – құс фабрикасының құрылысы. Жобаның құны – 914,4 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы – жылына 63 млн. дана жұмыртқа және 196 тонна ет. Жоба 2017 жылғы 25 шілдесінде іске қосылды. 75 жаңа жұмыс орындары құрылды.

6) «ЦАСК» ЖШС Меркі филиалы – қант зауытын жаңарту. Жобаның құны – 1014,2 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы жылына – 200 мың тонна. Жоба 2017 жылдың  12 шілдесінде  іске қосылды. 20 жаңа жұмыс орындары құрылды.





Яндекс.Метрика