EXPO-2017

Елорда көшелеріндегі қылмыс саны 19%-ға төмендеді

ЭКСПО көрмесін өткізу аясында қылмыс саны көшелерде -19% және қоғамдық орындарда -2,2% төмендеді. Бұл туралы Астана қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы, поиция подполковнигі Бақытжан Малыбаев Астана әкімдігіндегі брифингте хабарлады.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 17:48

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық және өткізу кезінде жергілікті полиция қызметінің күші қоғамдық тәртіп, жол және азаматтардың, көрмеге қатысушылар мен қонақтардың жеке қауіпсіздігіне бағытталды.  Сондай-ақ, жеке құрам үлгілі қоғамдық тәртіпті тәуліктік қамтамасыз етуге бағытталды.  Жалпы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 9 мыңға жуық қызметкер, соның ішінде 4 мыңнан астамы көрме аумағына тартылды. Көрме аумағына 3,5 мыңнан астам, ал жалпы қала аумғында 2,5 мыңнан астам іс-шаралар өткізу кезінде қажетті қауіпсіздік пен тәртіп қамтамасыз етілді», - деп хабарлады Б.Майлыбаев. 

Ол атап өткендей, іс-шараларды өткізу және жалпы тұрғылықты орындарда, полиция жасақтарын орналастыру, ІІД ЖБО бейнебақылау камераларын бағыттау және азаматтардан келіп түскен шақыртуларға  жедел әрекет ету арқылы жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданды.

«Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, көңіл көтеру орындары, саябақ, гүл бақтарында полиция және әскери жасақтарының қосымша күш-құралдарын орналастыру арқылы қауіпсізідікке ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараларға дайындық кезінде қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстың деңгейін төмендетуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларымен есепте тұрған тұлғалар, қару иелері, бейәлеуметтік бағыттағы тұлғаларды анықтау үшін аула және пәтерлерді аралау арқылы жұмыстар күшейтілді және бұл жұмыс жалғасуда. Осы атқарылған шаралар нәтижесінде қылмыс саны көшелерде -19% және қоғамдық орындарда -2,2% төмендеді», - деп түйді полиция подполковнигі Б.Майлыбаев.

Қайрат Жандыбаев     





Яндекс.Метрика