Экономика

ҚР ҰЭМ: АДБ және Қазақстанның жаңа стратегиясы тұрақты қолдауға бағытталған

2017 жылғы қыркүйекте Қазақстан үшін 2017-2021 жылдарға арналған жаңа Елдік әріптестік стратегиясы мақұлданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекеше әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.
Нұр-Сұлтан 19 Қыркүйек, 16:13

«Қазақстан үшін 2017-2021 жылдарға арналған жаңа Елдік әріптестік стратегиясы экономикалық әртараптандыру (бәсекелестікті арттыру және тауар өндірісі және сыртқы нарықтар үшін қызмет көрсетуді қолдау мақсатында қаржыландыруға қол жеткізуді жақсарту және жеке секторды дамытуға жәрдемдесу); инклюзивтік (инфрақұрылымдағы тежеушілік факторларды жою, республика бойынша барлық жерлерде қызмет көрсетуді қолдау және кеңістіктік теңсіздікті азайту үшін органдарды нығайту және өмір сапасын арттыру); тұрақты өсім (энергиялық тиімділікті арттыруға және ЖЭ пайдалануға жәрдемдесу) секілді негізгі міндеттерді қамтиды», - деді Нұрым Аязбаев.

Сонымен бірге, ҰЭМ департамент директоры жаңа стратегияның жеке сектордың инвестицияларын белсенді түрде тарту арқылы аралас қаржыландыруды көздейтіндігін атап көрсетті. Осылайша, бұл жобалар мемлекеттік қарыздардың ұлғаюына әсер етпейді. Сондай-ақ Стратегия аясында теңгелей қарыз тарту қарастырылып отыр, бұл мемлекеттік бюджетке жүктемені азайтады.     

Атап өтерлік жайт, АДБ-мен ынтымақтастық 1994 жылдан басталады.

«Осы уақыт ішінде АДБ Қазақстанға 4,6 млрд. АҚШ долл. сомасында 28 үкіметтік қарыз, жеке секторда үкіметтің кепілдігінсіз 455 млн. АҚШ долл.сомасында 8 жоба, 39 млн. АҚШ долл. сомасында 80 қайтарымсыз (техникалық) көмек жобасы, көлік саласындағы және ШОБ қолдау саласындағы жалпы құны 1 млрд. АҚШ долл. сомасында 5 қарыздық жоба ұсынды», - делінген ҚР ҰЭМ хабарламасында.





Яндекс.Метрика