100 жаңа есім

100 жаңа есім: Мария Батаева

Мария Алексеевна – Қызылжар ауданының құрметті азаматшасы. Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуына негізгі түрткі болған жан, деп хабарлады el.kz.
Астана қаласы18 Қыркүйек , 15:58

Ол аудандандық ауыл шаруашылық мәселелсінде де өзіндік үлкен үлесін қосқан. Қазіргі таңда зейнеткерлік демалысына қарамастан, Қызылжар аудандық қоғамдық жұмыстарына білек сыбана араласуда.  

Жалпы, Мария Алексеевнаның еңбек жолы 1959 жылы басталды. Алғашқыда  Солтүстік Қазақстан облысында «Ивановский» шаруашылық бөлімінің агрономы болып қызмет атқарды. Кейін, осы қызметте аудандық ауыл шаруашылық басқармасының аға экономисті болды. Московск және Советск ауданында «Ленинский» және «Корнеевка» совхозында экономист болып  қызмет атқарды. 1973 жылы экономист лауазымында Московск аудан ауыл шаруашылық басқармасының партиялық жұмысына шақырылып, партиялық кабинет бөлімінің меңгерушісі, насихаттау және үгіттеу аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы  болып жұмыс істеді. Ал,1986 жылдан бастап Жамбыл аудандық атқару комитетінің төрағасы, одан кейін Қазақстан Компартиясы Соколов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Кейін,1995 жылы зейнеткерлікке шыққанына қарамастан, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Орталық Қызылжар ауданындағы ардагерлердің мүшелігіне сайланып, ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту сынды  көптеген маңызды іс-шаралардың басы-қасында жүреді. Сіңірген адал қызметі үшін «Құрмет» орденімен және бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.




Яндекс.Метрика