Адами капитал

Астанада қылмыс саны қысқарды

Қылмыс деңгейі қалада 10 мың адамға шаққанда 28,7%-ға төмендеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы14 Қыркүйек , 20:21

2017 жылғы тамыз айындағы жедел қызмет шараларының қорытындысы көрсеткендей, елордалық полицейлердің күшімен жергілікті органдардың қолдауымен қалада тұрақты жағдай қамтамасыз етілді.  

Қылмыс деңгейі қалада 10 мың адамға шаққанда 28,7%-ға төмендеді. Ведомство мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың басынан 23 595 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, 2016 жылмен салыстырғанда бұл 18%-ға төмен. 

Төменде қылмыс көрсеткіштерінің төмендеуі пайыздық мөлшерде көрсетілген: 

Аса ауыр қылмыс (-28,2%), ауыр қылмыс (-8,5%), ауырлығы орташа қылмыс (-13,2%), аса ауыр емес қылмыс (-38,1%), өліммен аяқталатын оқиғалар (-32,4%), зорлау жағдайлары (-30,5%), қарақшылық (-24,3%), тонау (-15,7%), алаяқтық (-36,9%), ұрлау (-15,0%),оның ішінде пәтер ұрлығы (-4,9%), көлік ұрлығы (-50,0%), қарақшылық (-9,0%), есірткіге қатысты (-16,9%), көліктерді айдап әкету (-28,4%), сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс көрсеткіші (-6,1%), топтық қылмыс (-11,8%), қоғамдық жерлерде (-2,2%) және көшелерде (-19,0%).

Айта кеткен жөн, Елбасының тапсырмасын іске асыру аясында құқықтық бұзушылықтарға қоғамда "нөлдік төзімділікті" қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда. 

Астана қаласының ІІД xабарлағандай, жыл басынан 75 513 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың 3 296 фактісі ұсақ бұзушылық, 4 967 – тыныштықты бұзу, 13 879 – алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық жерлерде мас күйде жүру, 12 243 – белгіленбеген жерлерде темекі шегу, 17 226 – абаттандыру ережелерінің бұзушылықтары, 1 331 - қоғамдық жерлерде адамдардын мазасын алу. 199 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 




Яндекс.Метрика