Цифрлы Қазақстан 2020

Қазақстандық фермерлер дрондарды пайдаланады

Астана қаласы 14 Қыркүйек, 17:18

"Ғарыштық мониторинг деректері қымбат бағалы өнім болып табылатындықтан, мемлекет ғарыштық мониторингілеуді қолдана отырып, электронды егіс карталарын жасау және оларды үнемі жаңартып отыру міндетін алуы тиіс", - деді Б. Айымбетов.

Сондай-ақ департамент директоры цифрландыруды іске асырудың  тағы бір негізгі бағыты туралы хабарлады, бұл - электрондық астық қолхаты.

"Астық туралы заңнамаға «қағаз» астық қолхаттарынан электрондық астық қолхаттарына көшуді көздейтін өзгерістер енгізілген болатын. Олардың есебі Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде жүргізіледі. Тізілімнің жұмыс істеуін minagro.kz веб-порталында орналасқан Астық қолхаттарының ақпараттық жүйесі қамтамасыз етеді", - деп ақпараттандырды Б. Айымбетов.

Жүйеде 4 500 астам астық нарығына қатысушылар, оның ішінде 2 000 шаруа қожалықтары тіркелген. Атап айтқанда, жүйеде жалпы көлемі 30 млн тоннаға, оның ішінде 1 млн тонна жаңа өнім астығына 133 мың қолхат шығарылған.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша астық қолхаттарын тіркеуші болып айқындалған «Ақпаратты-есептік орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, тұрақты негізде жүйені жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктер мен функционалдар енгізуді қолға алды», – деді Егіншілік департаментінің директоры Қаджибекова Ажар Елемесқызы өз сөзінде.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында "Цифрландыру көптеген салалардың дамуы үшін негізгі факторға айналады" деген болатын. Сондықтан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарыда айтылған мәселелер бойынша алдыға үлкен мақсат қойып отыр.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика