АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

АШМ субсидиялауды толық автоматтандыруға көшуде

Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың үш бағыты бойынша: жерді тыңайту, гербицидтер, несие және лизинг бойынша толығымен автоматтандыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ті цифрландыру департаментінің директоры Бауыржан Айымбетов мәлім етті.
Астана қаласы14 Қыркүйек , 16:14

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырудың ағымдағы жағдайына келетін болсақ, ауыл шаруашылығы саласында 100 мемлекеттік қызмет бар екенін айта кеткеніміз жөн. Оның ішінде 42-сін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көрсетсе, 50-ін жергілікті атқарушы органдар, 8-ін мемлекеттік корпорациялар көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, Минситрлік ақпараттық жүйелер арқылы ветеринария, өсімдіктер карантині, фитосанитария, ауыл шаруашылығы техникасы, мал шаруашылығы, жер және тағы да басқа салаларды қамтамасыз етеді», - деді  Б.Айымбетов.

Сондай-ақ ол ағымдағы жылы министрлік субсидиялаудың үш бағыты бойынша: жерді тыңайту, гербицидтер (шөпжойғылар), несие және лизинг бойынша толығымен автоматтандыруды жоспарланып отырғанын атап өтті. 

"АШМ субсидия беруді автоматтандыру міндеттерін әзірледі, яғни өтінім электрондық түрде беріліп, субсидия алудың барлық талаптары мен шарттары сақталады", - деді департамент директоры. 

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика