Ұлттың денсаулығы

Павлодар облысында спорт саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді

Павлодар облысында спорт саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді. Аймақ басшысы Болат Бақауов осындай тапсырма берді.
Павлодар14 Қыркүйек , 18:13

Облыс әкімі аппараттық жиналыста аймақта спортты дамыту үшін нақты тұжырымдама қажет екендігі туралы айтты.

"Біз спорттың әрбір түрі бойынша нақты жоспар құруымыз керек. Қала тұрғындарының барлығының спортпен айналысуға мүмкіндігі болуы керек. Ол үшін коммуналдық немесе жеке меншіктегі   бос тұрған жайларды спорт залына немесе фитнес-клубқа айналдыру қажет. Қала ішіндегі бос учаскелерде шағын футбол алаңдарын, воркаут алаңшаларын орналастыру қажет. Бұл жұмыстарды атқару үшін бюджеттен қаржы сұрамай, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, «Мектебіме тағзым» жобасы, «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде жүргізуге болады", - деді Болат Бақауов.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыынң басшысы  Марат Айдашев Павлодар қаласында олимпиадалық бассейн мен жеңіл атлетикаға арналған манеж салу туралы жоспарымен бөліскеннен кейін, аймақ басшысы облыста тағы қандай спорттық инфрақұрылым қажет екендігін сұрады.

"Бізге жабық футбол алаңы қажет. Павлодардағы жалғыз «Юность» манежі спорттық шаралардан босамайды. Бұл мәселені мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде шешу үшін біз мембраналық жабындысы бар ауданы  40Х20 жабық алаң салуды көздеп отырмыз", - деді Марат Айдашев.

Болат Бақауов манежді салуға қажетті орынды таңдап, жобаның аса қымбат болмауын тапсырды.




Яндекс.Метрика