АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ақтауда жыл соңына дейін көкөніс сақтау қоймасы ашылады

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов арнайы экономикалық аймаққа барып, бірнеше зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Маңғыстау 14 Қыркүйек, 17:56

Жұмыс сапары аясында Ералы Тоғжанов құрылысы жүріп жатқан көкөніс сақтау қоймасына барды. Болашақта мұнда картоп сақталады. Қойма толықтай автоматтандырылып, шетел қондырғыларымен жабдықталған. Қойма құрылысы 2016 жылдың 25 қараша айында басталған. Қолданысқа осы жылдың 1 қазанында беріледі.

Құрылыс кезінде 30-ға жуық адам, ал қойма іске қосылғаннан кейін 3-4 адам тұрақты еңбекпен қамтылады. Қойманы салып жатқан кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы»  АҚ арқылы 110 млн теңгені 6 пайызбен 7 жылға алған. Аумағы – 3 гектар.

"Болашақта 3 қойма іске қосылады. Әзірге тек 1 қойма берілуге жақын. Қойманың ауданы 1600 шаршы метр. Мұнда көкөністер 2,5-4 градуста сақталады. Көкөніс сақтау қоймасы Голландия елінің технологиясысы бойынша салынып жатыр", - деп түсіндірді әкімдікте.

Айта кетейік, бұл Маңғыстау облысындағы алғашқы көкөніс сақтау қоймасы болмақ. Енді жаңа үлгідегі көкөніс сақтайтын қойма картоптың сапасын жоғалтпай, бағасын да тұрақты ұстайды. Демек, маусымаралық кезеңде облыс тұрғындары сапалы әрі арзан картоппен қамтамасыз етіледі.





Яндекс.Метрика