Халықаралық интеграция

ШҚО әкімі ГФР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ҚР Германия Федеративті Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Рольф Мафаэльмен кездесті. «Экспо-2017» халықаралық көрмесінен кейін алғашқы іс-сапарын Шығыстан бастаған елші өңірдегі ірі кәсіпорындарды аралады.
Шығыс Қазақстан14 Қыркүйек , 17:33

ШҚО әкімдігінде хабарлағандай, аймақ басшысы Рольф Мафаэльге облыстың өндіріс саласындағы әлеуеті туралы айтты. Бүгінде облыстағы ірі өнеркәсіп ошақтарының өнімі тек Қазақстанда емес, сонымен қатар әлем бойынша жоғары сұранысқа ие. «ҮМЗ» шығаратын отын көзі көрші Қытай, Ресей, сонымен қатар, Шығыс Еуропа елдеріне экспортталуда. Ал дүниежүзінде бериллий шығаратын зауыттар қатары үшеу, тантал өндіретін 5 зауыттың барын ескерсек, Шығыстың металлургия саласында алыптар қатарында екені даусыз.

"Біз бериллий, тантал өнімінің әлем бойынша 25-30 пайызын өндіреміз. Шығыс Қазақстанда металлургия саласы қарқынды түрде дамып келеді. Өлкеде полиметалл түрлерінің қоры жеткілікті. Алдағы таңда тағы бірқатар зауыттар мен комбинаттар бой көтереді", - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. 

Өз кезегінде Рольф Мафаэль Шығыс Қазақстан пен Германия арасындағы қарым-қатынас экономикалық, әлеуметтік, мәдени салалар бойынша тек нығая түсетініне сенім білдірді. Германия елшісінің өңірге сапары апта соңына дейін жалғасады. Аймақтың белсенді жастарымен  кездесіп, бірқатар тарихи маңызды нысандарды аралайды деп күтілуде.




Яндекс.Метрика