ҚР Президентінің Жолдауы

СҚО әкімі Жаңаесіл ауылында жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды

Ғабит Мүсіропеов ауданындағы Жаңаесіл ауылында 50-пәтерлі жаңа үй пайдаланылуға берілді, деп хабарлады СҚО әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан 14 Қыркүйек, 19:17

Қоныс тойын тойлаушыларды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қуаныштарымен құттықтады.

«Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Сондықтанда   еліміз бойынша сәйкесінше қаражат бөлініп, үлкен құрылыс жүргізілуде. Егер, біз ертеректе үш-төрт жылдың ішінде 1000 пәтерді пайдалануға берсек, бүгінде бір жылда осындай көлемде үйді пайдалануға берудеміз», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов жаңа пәтер иелеріне салтанатты түрде үйдің кілтін табыс етті.

Айта кетерлік жайт, тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған. Бұл үйлер Тиімді жұмыс бастылық пен жаппай кәсіпкерлік бағдарламасына қатысушыларға берілді. 





Яндекс.Метрика