Үкімет

Б.Сағынтаев BitFury басшысы Валерий Вавиловпен кездесті

Астанада экономиканы цифрландыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев BitFury бас директоры Валерий Вавиловпен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы 14 Қыркүйек, 18:57

Кездесу барысында Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту аясында ынтымақтастық орнату,  блокчейн технологиясын енгізу және оның барлық салаларын цифрландыруға негізделген экономиканың жаңа үлгісіне көшу мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, компанияны дамыту бағдарламасы «The Genesis Block» биткойн жүйесінің бірінші блогі алынған 2009 жылдан бастау алады. BitFury компаниясы 2011 жылы құрылды.  

Қазіргі уақытта көп бейінді блокчейн-компания, ірі өнеркәсіптік майнер, «Биткойн» блокчейнімен жұмыс үшін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеушінің Сан-Францискода, Вашингтонда, Колумбия округінде, Гонконгта, Лондонда және Амстердамда кеңселері, сондай-ақ Рейкьянесбайр исландиялық қауымы мен Грузияның Гори және Тбилиси қалаларында дата-орталықтар бар.





Яндекс.Метрика