Ұлттың денсаулығы

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың айналымы мәселелері жөнінде заң жобасын әзірледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.
Астана қаласы 14 Қыркүйек, 15:34

Барлық дәрілік заттарға бағаны реттеуді кезең-кезеңмен енгізу қарастырылған. Рецептмен берілетін дәрілік заттар үшін - 2018 жылғы қазаннан бастап, рецептсіз берілетін дәрілік заттар үшін - 2023 жылдан бастап.

Халықаралық патенттелмеген атауы бойынша сатып алынатын дәрілерді жыл сайын ауыстырудан пациенттерді қорғау үшін емдеуді бастап қойған пациенттерге бұрын сатып алынған препараттарды сатып алуды жалғастыру ұсынылады. Жаңадан анықталғандар үшін - төмен бағамен биосимилярларды/генериктерді сатып алу бойынша тендер жүргізу.

Саудалық атауы бойынша сатып алу үшін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде пациенттердің тізбесі мен санаттарын аурудың клиникалық маңызын және препаратты ауыстырудан клиникалық салдарының маңыздылығын ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Пациенттердің санын есепке алу диспансерлік науқастардың электрондық регистрі бойынша іске асырылады.

Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар денсаулық сақтау технологиясын кешенді бағалау негізінде іріктеледі. Формулярлық жүйе, пайдалануды бағалау және мониторингілеу жүйесін енгізу, этикалық кодекс арқылы дәрілерді тиімді және қауіпсіз пайдалану қамтамасыз етіледі. 

ҚР ДСМ хабарлағандай, медициналық өнімдерді өндірушілерін инспекциялау саласында ұлттық стандарттарды үндестіру баламалы стандарттарды және рәсімдерді қолдану есебінен инспекциялау нәтижелерін өзара мойындау мүмкіндігін береді.  





Яндекс.Метрика