EXPO-2017

ЮНИДО ЭКСПО-2017 көрмесіне алғысын білдірді(ВИДЕО)

ЮНИДО өкілі ұйымның ұлттық кеңесшісі Нұрсұлтан Арынов ЭКСПО-2017 көрмесіне алғысын білдірді.
Астана қаласы 14 Қыркүйек, 14:31

«Біз Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы» үшін алғысымызды білдірсек деп едік. Тұрақты энергия ЮНИДО ерекше көңіл бөліп келе жатқан негізгі салалардың бірі. Өздеріңіз білетіндей ЮНИДО жан-жақты тұрақты өндірістік дамуға әрқашан септігін тигізіп келеді», - деді Нұрсұлтан Арынов.

Өнеркәсіп энергия бойынша әлемдік сұраныстың үштен бір бөлігін және 40% электр энергияның сұранысын қамтамасыз етеді. Бұл ЮНИДО-ның жұмыс көлемін арттырады және ұйымның алдында одан да қиын міндеттерді қояды. ЮНИДО энергетикалық кедейлік, энергетикалық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі сынды проблемаларды қарастырады және осы проблемаларды ЖЭК пайдалану кеңістігін кеңейту арқылы шешуге тырысуда.

ЭКСПО аясында ЮНИДО өкілдері Қазақстанға келді. Мысалы, ЮНИДО-ның бас директоры көрменің ашылуына және министрліктің конференциясына қатысты. Бұдан басқа, ЮНИДО-ның өндіріс бойынша маманы   Марко Мотени Астанада «Ресей Федерациясында жылыжай газы аясында энергияны тиімді пайдалану» жобасын таныстырды.  

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Арынов БҰҰ волонтерларына Халықаралық жастар күнін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Гүлтай Хасенова

Видео Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика