Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Вице-премьер Қ.Келімбетов Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорын құру туралы кеңірек мағлұмат берді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Елбасының ЖЗҚ барлық салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын бірыңғай зейнетақы қорына беру туралы тапсырмасына сай, қазіргі күні акциясы 100% Ұлттық Банкке қарайтын МЖЗҚ базасында БЖЗҚ құру ұсынылатынын хабарлады.
Казахстан06 Ақпан , 00:00


Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының  меншік иесі ҚР Үкіметі болады. Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорын құру жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптеріне еш әсер етпейді: Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорында да жеке жинақтаушы шоттар жүйесі сақталады.
Міндетті зейнетақы салымдарының барлық түрлері бойынша олардың біртұтастығы бойынша мемлекеттік кепілдік сақталады.
Азаматтардың зейнетақылық жинағын  толық көлемде аудару жүзеге асырылады.
Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорын құру – зейнетақылық жинақтың мемлекет меншігіне өтуі деген сөз емес, зейнетақылық жинақ азаматтардың өз меншігінде қалады. Зейнетақылық жинақ Ұлттық Банкте сақталады (Ұлттық Банк банк-кастодиан болады). 
Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорын Ұлттық Банк БЖЗҚ басқару Кеңесінде бекітілген инвестициялық стратегияға сәйкес басқарады. Кеңестің жеке құрамын ҚР Президенті бекітеді.
БЗЖҚ зейнетақы активтерін инвестициялау оның сақталуын және табысының тиісті деңгейде болуын қамтамасыз ете отырып, әртараптандыру принципі бойынша жүзеге асырылады. 
Қазіргі ЖЗҚ өз жұмыстарын инвестициялық қоржынды басқарушы (заң бойынша зейнетақылық активтерді басқару лицензиясын инвестициялық қоржынды басқару лицензиясына ауыстыру мүмкіндігі беріледі) немесе ерікті түрдегі жинақтаушы зейнетақы қорлары басқарушы ретінде жалғастыра алады. 
Осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін ҚР 8 кодексі мен 22 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі тиіс, алдағы айларда ол іс-шаралар жасалынбақ.
Азаматтардың барлық зейнетақылық жинақтары Жинақтаушы Зейнетақы Қорына 2013 жылдың 01 шілдесіне  дейін шоғырлануы тиіс.
 




Яндекс.Метрика