ҚР Президентінің Жолдауы

Ақтөбе облысында ауылдық кәсіпкерлердің 480 жобасына несие берілді

Ағымдағы жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, "БЖК-2020" бағдарламасы, "Кең дала", "Жас старт" өңірлік несиелендіру бағдарламалары аясында мемлееттік қолдау көрсету үшін 4,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігінде хабарланды.
Ақтөбе 14 Қыркүйек, 12:54

Биылғы жылдың сегіз айы ішінде ШОБ-тің 670-тен астам субъектісі, сонымен қатар, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін өзі еңбекпен қамтығандар қолдауға ие болды. Соның ішінде ауылдықтардың жалпы құны 2,1 млрд теңге болатын 480-нен аса жобасы несиелендірілді.

Кәсіпкерлік басқармасы Даму қорымен және серіктес банктермен бірігіп, үш ай бойы апта сайын бағдрламаның әлеуетті қатысушыларына кеңестер беріп, тәжірибелік көмектер көрсете отыра «Ашық есік күндерін» өткізуде.

«Qazaq Food Group» ЖШС өзінің «Гармония» брендімен күніне екі тонна қуаттылықпен ұн және кондитер өнімдерін шығарады. Компания өнімдері Ақтөбе қаласы мен облыс базарларында ұсынылды. 2017 жылы компания ұн және кондитер өнімдерін шығаратын  конвейерлік типті жабдықты сатып алып, іске қосты. Осы мақсатта, мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-дан жылдық 7% мөлшерінде алынған несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілді, сонымен қатар, Даму қорының кепілдігі ұсынылды. 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда компания өз қызметін қуаттылығы айына 150 тонна болатын «Кондитер фабрикасы» атты ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолымен, кондитер өнімдерінің толық сапын шығара отыра кеңейтуді жоспарлауда.





Яндекс.Метрика