Өңірлер

Ақмола облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерістен өтті

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов жұмыс сапары барысында Сандықтау ауданындағы аурухананың, мектептер мен тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысып, жылу маусымына әлеуметтік нысандардың дайныдығына ерекше назар аударды.
Ақмола 14 Қыркүйек, 11:53

Аймақтық коммуникация қызметі хабарлағандай, өз сапарын В. Крылов аудандық орталық аурухананы аралаудан бастады. Аурухананың тыныс тіршілігімен танысқан ол ағымдағы жағдайға, шешімін таппаған проблемалар мен жылу маусымына дайындыққа ерекше көңіл бөлді.

Сондан соң, облыс әкімінің орынбасары Балқаш ауылындағы 18 пәтерлі үй мен 200 орынға есептелген мектептің құрылысымен танысты. Тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 105,2 млн теңге бөлінді. Ал, бас мердігер Көкшетау қаласынан келген «Строй центр Кокшетау»ЖШС.  Үйдің ғимараты үш қабатты, 6 бір бөлмелі, екі бөлмелі және үш бөлмелі үйлер бар, жалпы ауданы – 1066, 2 шаршы метр. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 2017 жылы 184,2 млн теңге бөлінді. Жалпы, жобаның сметалық құны 510,8 млн теңге.

Мердігермен кездескен В. Крылов жұмыс барысындағы кемшіліктерді көрсетіп, құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударды.  

Бұдан басқа, ол орталық қазандықтың жұмысымен және құрылысы 2014 жылы басталған Балқаш ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.  

Сапарының соңында облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов құрылыс нысандарының сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. 





Яндекс.Метрика