Өңірлер

ШҚО-да аула аумақтары абаттандырылуда

Өскеменде аулалардың бірінде балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынады, көлік жүретін жолдар кеңейтіліп, тұрақ орындары қосылады. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов тұрғындармен кездесу барысында хабарлады.
Шығыс Қазақстан 14 Қыркүйек, 11:14

ШҚО әкімдігінде хабарлағандай, келесі айда олардың үйлеріне іргелес аумақ толығымен өзгермек. Мұндай жұмыстар барлық шағын аудандарда жүргізілетін болады. Даниал Ахметов қала әкіміне бір ай ішінде барлық жөндеу жұмыстарын аяқтап, абаттандырылуы қажет қалған аула аумақтарының тізімін құрастыруды тапсырды. 

«Жалпы Өскемен қаласында аулаларды абаттандыруға облыстық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінеді. Келесі жылы жарықтандыру орнатылады. Алдымен ол мектеп, балабақша, аурухана аумақтарында жүргізіліп, кейіннен барлық аулаларда орындалады. Болашақта барлық аулаларды бейнекамералармен жарақтандыруды жоспарлап отырмыз», – деді өңір басшысы.





Яндекс.Метрика