Халықаралық интеграция

Мәскеу Үкіметінің делегациясы Астанаға келеді

14-17 қыркүйекте Мәскеу Үкіметінің делегациясы Астанаға сапармен келеді, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде.
Астана қаласы 14 Қыркүйек, 10:12

Делегацияның құрамына көтерме сауда азық-түлік кешенінің, сауда саласындағы ірі желілік компаниялардың, "Мәскеу жәрмеңкелері" (Мәскеу аумағында жәрмеңке және фестиваль іс-шараларын ұйымдастырушы), Ресей астанасының әкімшілік округтері префектураларының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.                                           

«Бұл сапардың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының өңірлерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту және Қазақстан Республикасытауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін Мәскеуге экспорттауын ұлғайту болып табылады», - деп атап өтілді Елшілікте. 





Яндекс.Метрика