Үкімет

ҚР Премьер-Министрі бірқатар кездесулер өткізді

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстыру аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Cisco компаниясының ТМД бойынша Вице-президенті Джонатан Спэрроумен және Co-Founder Hyperloop басшысы Шервин Пишевармен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы 14 Қыркүйек, 09:53

Кездесу барысында Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту аясында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев «Жас президенттер ұйымының» өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан экономикасын технологиялық жаңғырту аясында YPO компанияларымен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. 

Айта кету керек, бизнес-құрылымдардың жас басшылары ұйымының негізін 1950 жылы Нью-Йоркте Рэй Хикок қалады және бастапқыда 20 қатысушыдан құралды. Негізгі критерийлер - жасы (45-тен аспаған), компанияның сату көлемі (кемінде $10 млн), сондай-ақ қызметкерлер саны (кемінде 50 адам). Қазіргі уақытта бұл ұйым әлемнің 130-дан астам елінде 24 мыңға жуық жас басшыларды біріктірді. Қазақстандық YPO 2010 жылы құрылған.





Яндекс.Метрика