Рухани жаңғыру

ШҚО жұртшылығы қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдайды

Шығыс Қазақстан облысы жұртшылығының өкілдері қазақ әліпбиінің латын графикаға көшуін талқылады.
Шығыс Қазақстан 14 Қыркүйек, 09:32

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, өту процесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

«Біздің міндет қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуін түсіндіру және оның енгізу процесіне өз үлесімізді қосу. Халық шетте қалып қалмауы керек, ал жастардыңтіптен атсалыспағаны жарамас», -  деді ШҚО Азамматтың альянсының төрағасы, облыстық маслихаттың депутаты Олег Чернышов.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік университетінің ғалымдары латын әліпбиіне көшу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқу орнында өзге мемлекеттердің латын әліпбиіне көшу тәжірибесін зерттейтін және мамандарды даярлаумен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылған.

«Бүгінде ғылыми еңбектердің 80% ағылшын тілінде және бұл тек ақпарарттық технологиялар бойынша емес, тіпті физика, химия, ғылыми ашулар, Нобель сыйлығы лауреаттарының еңбектері де ағылшын тілінде.  Осы ретте, ғылыми ашулар саласында бейімделе алуымыз үшін ағылшын тілін жетік білуіміз шарт. Бұл «велосипедті ойлап табу» үшін емес, қолда бар ашулардың негізінде өзгеде жаңа, тың дүниелерді ойлап табу үшін керек. Бұл мәселе үш тілділікпен тығыз байланысты. Сондықтанда, Президент біздің алдымызға үш тілділікті, сосын латын әліпбиіне көшу міндетін қойып отыр. Бұл процесс кезең-кезеңімен жүргізілуі тиіс», - деді  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тәрбие жұмыстары бойныша проректоры  Ирина Ровнякова.   

Кездесуге қатысушылар бір ауыздан латын әліпбиіне көшуді қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар, бұл процеске белсенді араласуға дайын екенін білдірді. 





Яндекс.Метрика